Ағымдағы жылдың 5 айында 12 мың қазақстандық Грузияға сапар жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5 айында 12 мың қазақстандық Грузияға сапар жасады. Бұл туралы бүгін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысында Грузия Ұлтық туризм әкімшілігінің жетекшісі Георгий Чоговадзе мәлім етті.

«2015 жылы Грузияға келген қазақстандық туристердің саны 37 мың адамды құрап, өсім 30 пайызға жетті. Ал ағымдағы жылдың 5 айында сіздердің елдеріңізден Грузияға  12 мың азамат келді. Бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көп», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Грузияның туризмді дамытуға бағытталған жаңа стратиялық жоспары аясында өткен жылы басымдығы мол туристік нарық ретінде Қазақстанға айрықша мән берілген.

«Жалпы, өткен жылы Грузияға шамамен 6 млн. турист келді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Ал осы жылдың қаңтар мамыр айларының өзінде Грузияға 2 миллион адам келіп, өсім 15 пайызға жетіп отыр», - деді Г.Чоговадзе.

Соңғы жаңалықтар
telegram