Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 8 пайыз болды - ЭДжС министрі Жанар Айтжанова
2010 жылғы еліміздің негізгі макроэкономикалық параметрлерінің нақтыланған ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларындағы экономика салаларының даму қорытындылары негізінде жасалғандығын атап өткен министр, «Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 8 пайызды құрады. Атап айтқанда, жыл басынан бергі 2 ай ішінде өнеркәсіп өндірісі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Сауда айналымының 13,3 пайызға, ал көлік қызметінің көлемі 6,8 пайызға өсуі, отандық тұтынушылар мен нақты сектордағы кәсіпорындар тарапынан сұраныстың жоғарылағанын көрсетеді», деді.
Министрдің айтуынша, нақтылау кезінде халықаралық ұйымдардың әлемдік экономиканың 2010 жылғы өсуі және мұнай, металл сияқты Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының әлемдік бағалары бойынша бағалаулары ескерілген.