Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында тұрғындардың табиғи өсімі 773 адамға жетті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика департаментінен алынған деректер бойынша өңірде тұрғындардың табиғи өсімі өткен жылмен салыстырғанда 43 адамға артып, 773-ке жеткен,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде 737 мың 975 адам тұрып жатса, олардың 54,7 пайызы ауылдық жерлерде, қалғандары қалаларда тұрақтаған. Жыл ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу орындарында дүниеге келген 3 мың 36 сәби есепке алынып, өмірден өткен 2 мың 263 адам санақтан шығарылған, өткен жылы ол тиісінше 2 783 пен 2 053-ке тең болды. Осы уақытта 1 148 отбасы шаңырақ көтерсе, 470-сінің дәм-тұзы жараспаған, былтыр олардың қатары тиісінше 984 пен 398 деңгейінде тіркелген. Жыл ішінде әр мың адамға есептегенде дүниеге келгендер 17,73 промилле, өмірден озғандар 12 промиллеге жеткен. Сәбилердің дүние есігін ашуы әр мың адамға есептегенде Көкшетау қаласында 22,04 промилле болса, Ақкөл ауданында 9,73 промилле, қайтыс болғандар әр мың адамға шаққанда Еңбекшілдер ауданында 17,65 промилле, Ерейментауда 9,61 промиллеге тең.

Соңғы жаңалықтар