Ағымдағы жылдың сегіз айында 38,2 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректері бойынша өңірде ағымдағы жылдың сегіз айында 38,2 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген, өсім былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызды құрап отыр.
None
None

Осы уақыт аралығында 53,5 мың тонна ет, 322,8 мың тонна сүт, 297,5 миллион дана жұмыртқа, 573,1 тонна жүн алынған. Өсім өткен жылға қарағанда сәйкесінше 0,7-37,5 пайыз аралығында қалыптасқан. Жыл ішінде ірі қара мал басы 1,1 пайызға, қой мен ешкі 3,4 пайызға, жылқы 3,9 пайызға, құс 7,8 пайызға көбейген.

Соңғы жаңалықтар