Ағымдағы жылғы Қазақстанның астық экспорттау әлеуеті 15 миллион тоннаны құрайды - Елбасы
«Бүгінгі таңда Қазақстан астық экспорттаудан әлемнің жетекші 10 елінің қатарына кіреді. Мен осындай тапсырма жүктедім», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, өткен жылы еліміздің сыртқы нарыққа шамамен 9 миллион тонна астық экспорттағанын атап өткен Мемлекет басшысы: «Ағымдағы жылғы әлеуетті мүмкіндік 15 миллионға, оның ішінде Орталық Азия елдеріне шамамен 3 миллион тоннаға жетеді. Міне 5 жыл бойы біз әлемдік нарыққа ұн экспорттаудан көшбасшылық позицияны ұстап келеміз», - деді.
ҚР Президентінің атап өтуінше, мемлекет еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге экспорттық дәлізді кеңейту бағытындағы мақсатты жұмыстарды жүргізуде. «Иран, Кавказ маңы елдері нарығына астық экспорттау үшін Каспий өңірінде көліктік-логистикалық инфрақұрылым құрылды. Ақтау, Әзірбайжанның Баку, Иранның Амирабад қалаларындағы айлақтарда жаңа астық терминалдары салынды. Болашақта Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Парсы шығанағы теміржолы жобасын келесі жылы жүзеге асырудың нәтижесінде біздің жүк тасымалдау, оның ішінде азық-түлік көлеміміз Парсы шығанағы, Шығыс, Орта теңізде және Солтүстік Африка нарығына ұлғаяды», - деді Н.Назарбаев.