10:37, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ағымдағы жылы экспорт көлемі болжам бойынша 51,4 млрд. АҚШ долларын құрайды - министр
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы экспорт көлемі болжам бойынша 51,4 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
«2010 жылғы экспорт көлемі болжам бойынша 51,4 млрд. АҚШ долларын құрап, алдыңғы болжаммен салыстырғанда 1,8 млрд. АҚШ долларына жоғары болады деп күтілуде», деді министр.
Оның атап өтуінше, экспорттың болжамдық көрсеткіштерінің жоғары болуы негізінен Қазақстанның экспорттық тауарларына әлемдік бағаның өсуіне тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартысында ол 72,2 пайызға немесе 12 млрд. 407 млн. АҚШ долларына өскен. «Ағымдағы жылғы болжам бойынша импорт алдыңғы болжамдарға қарағанда 4,1 млрд. АҚШ долларына төмендеуіне қарамастан жалпы импорт көлемі жылдың соңына қарай 30,1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Яғни, өткен жылмен саластырғанда 4,7 пайызға өседі деп бағаланып отыр», деді Ж. Айтжанова.