Ағымдағы жылы елімізде таза салмақта 26 млн. тонна астық бастырылды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат / Марлан Жиембай / - Ағымдағы жылы елімізде таза салмақта 26 млн. тонна астық бастырылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылы алынған рекордтық астықтың арқасында ауыл шаруашылығы өнімінің жиынтық көлемі 2011 жылдың қаңтар-қарашасында 27,3 пайызға өсті. Таза салмақта жиналған астық 26 млн. тоннаны құрады. Және 2010 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайды», - деді министр. Сондай-ақ оның атап өтуінше, құрылыс секторы да қалпына келіп, 3, 9 пайыз өсім көрсеткен.

Экономика өсімінің маңызды факторы түсімнің сұранысының артуы болды. Оған жыл басынан бері бөлшек сауда тауар айналымының 10,5 пайызға өсуі дәлел болады, деді Қ. Келімбетов. Оның атап өтуінше, есепті кезеңде көліктің барлық түрлері бойынша, жүк тасымалдау көлемі 22 пайызға ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар