Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірістерінің артық орындалуы күтілуде

«Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірістерінің артық орындалуы күтілуде. Сондай-ақ 2015 жылғы бюджет қаражатының 85,1 млрд. теңге сомасындағы қалдықтары бар. Осыған орай, ағымдағы жылғы қыркүйек айында 2016 жылға арналған республикалық бюджет нақтылатын болады. Ол кірістер бойынша болжамды ұлғайтуды және 2015 жылдың пайдаланылмаған қаражатын тартуды көздейді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаражаттың бір бөлігі 2016-2017 жылдары экономиканың өсуіне мультипликативтік әсері бар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуге, агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.
«Ұсынылып отырған шараларды ескере отырып, ел экономикасының оң өсуіне өту ағымдағы жылғы маусым-шілдеде, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша - жоспарланған 0,5 пайыз деңгейінде күтіледі», - деді Қ.Бишімбаев.