Ағымдағы жылы жамбылдық оқушылардың 78 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2010 жылы жамбылдық оқушылардың 78 пайызы жазғы демалыспен қамтылады,
None
None

деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.

Басқарманың бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаеваның айтуынша, өткен жылғы жазғы демалыспен оқушылардың 77,3 пайызы қамтылып, бұл мақсатқа 98 миллионнан астам теңге бөлінген.

«Биылғы жазда 171 536 оқушы қала сыртындағы лагерьлерде, 133 800 бала - мектеп жандарындағы лагерьлерде демала алады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 122 миллионнан астам теңге бөлініп отыр», - дейді Г.Дәрібаева.

Білім басқармасының дерегі бойынша, бұл соманың 38 миллион теңгесі жамбылдық балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің демалыстарын қамтамасыз етуге бөлінсе, 44 миллион теңге - көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы балаларының демалыстарына, 40 миллион теңге әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалардың тамағына қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар