АХҚО делегациясы ҚХР-да болды

АХҚО делегациясы сонымен қатар «Хунжу» қаржылық білім қоры, Шанхайдың қаржы және құқықтану саласындағы зерттеу институтымен, Шанхай қаласындағы Жаңартылған Бреттон-Вуд комитетімен ұйымдастырылған жыл сайынғы «Learning Lessons as Retrospect and Prospect» конференциясына қатысты.
Бейжің қаласына сапар барысында Қытайдың халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары - Жібек жолын дамытуды жоспарлау жөніндегі зерттеу орталығының төрағасы Чэнь Юанмен келіссөздер өтті. Зерттеу орталығы «Бір белдеу - бір жол» бастамасын жүзеге асыру аясында құрылған болатын. Кездесуге сонымен қатар Қытайдың Мемлекеттік даму банкі, Қытайдың қаржылық даму қауымдастығы және Жібек Жолы қоры секілді қаржылық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар лицензиялау, қаржылық орталықтардың нормативтік-құқықтық базасын реттеу мен қалыптастыру, сондай-ақ АХҚО аумағында қызметін іске асыру үшін ҚХР банктік мекемелерімен өзара іс-қимыл және оларды тарту жолдары талқыланды.
Мұнымен қоса, АХҚО басқарушысы «Jumore»компаниясының президенті Лу Хунсянмен кездесіп, қаржылық технологиялар мен институттарды дамыту тақырыптарын қарастырды, сонымен бірге екі елдің қаржылық мекемелері арасында өзара іс-қимылды орнатуға қолдау жасау үшін тұғырнама құру саласында тиімді ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Келіссөздер қорытындысы бойынша қаржылық технологиялар нарығын дамыту саласында тәжірибе және білім алмасуды іске асыру мақсатында, сондай-ақ тиісті зерттеулер аясында байланыстарды нығайту бағытында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Шанхай қаласында «Learning Lessons as Retrospect and Prospect» жыл сайынғы конференциясына қатысу аясында Қ. Келімбетов негізгі панельдік сессияларда сөз сөйледі. Онда қытайлық экономиканы дамыту, ұзақ мерзімді реформалар мен қысқа мерзімді даму бағдарламалар арасындағы шиеленістер, Қытай экономикасы үшін қосымша серпіндер және басқа да мәселелер кеңінен талқыланды.
Өзара қатынастарды ары қарай өрістету бойынша АХҚО мен Шанхай қор биржасы (ШҚБ) арасындағы диалог аясында ШҚБ президенті Хуан Хунюанмен кездесу өтті. Тараптар АХҚО-ның бәсекеге қабілетті қор биржасын құру бағытында бірлесе жұмыс істеуде. Осы реттегі шаралар өңір капитал нарығын дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайтуға негізделген.
Бұдан бөлек, АХҚО делегациясы Электронды коммерцияның Ханчжоу индустриалды паркінде (Технопарк) болды, оларға компанияның қызметі көрсетілді. Оның аумағында жұмыс істейтін Hangzhou Silver Box Baocheng Science and Technology, Ltd.», «Baozun Inc.», «Ningbo Qi Feng Communications», «HangzhouWeiba Information and Technology Co., Ltd.» компанияларының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, АХҚО мен Технопарк арасындағы келісімдер Ынтымақтастық меморандумымен бекітілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің алдығы қатарлы орталығын қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы ұстанымдары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады. Орталықтың мақсаттарында қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды ортаны құру жолымен ел экономикасына инвестиция тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын дамыту секілді бағыттар іске асырылады.
JUMORE - қызмет көрсету мен өнеркәсіптік тізбектегі тауарлардың барлық санаттары үшін әлемдегі алғашқы трансшекаралық электронды сауда тұғырнамасы. Осы ретте тұғырнамада қызметтердің кең шоғыры және тауарлардың әралуандығы қамтылған.
JUMORE-де шикізаттық материалдардың, металл өнімдері, энергия ресурстары, химия өнімдері, ауыл шаруашылығы тауарлары, өнеркәсіптік және өндірістік, тұтынушылық тауарлар, азық-түлік өнімдерін сатып алу және сату операциялары ескерілген.
Ханчжоу электрондық коммерция индустриалды паркі Ханчжоу электронды коммерция аймағы құрамына кіреді және «Бір белдеу, үш парк» моделі бойынша дамиды. Біріншісі - Электронды коммерцияның шығыс паркі, екіншісі - Ханчжоу электрондық коммерция индустриалды паркі, ал үшіншісі - Трансшекаралық сауда және электронды коммерцияның қытайлық индустриалды паркі.