АХҚО жасанды интеллекттен келетін қауіп-қатерлерге сараптама жасайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) биыл шілде айында арнайы платформа іске қосылады. Онда шетелдік инвесторлар қандай да бір бюрократиялық кедергісіз бизнес жүргізе алады. Бұл туралы АХҚО ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ааре Лапынин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз бизнес жүргізу үшін «нөлдік бюрократия» қоғамын қалыптастырып жатырмыз. Ол 2018 жылдың IV тоқсанында іске қосылады. Кәсіпкер немесе инвестор АХҚО-ға келгендегі мақсатымен айналысады: компания құру, лицензия алу, салық органдарына есеп беру және т.б. Мұның бәрі оған байқалмайды. Инвестор үшін бұл қолжетімді және түсінікті қызметтері бар қарапайым сайт болмақ.  Ал «сахна сыртында» - толық экожүйе», - деп мәлімдеді А.Лапынин SAP Forum Astana2018 аясында.

Оның айтуынша, «нөлдік бюрократия» ортасы бизнес жүргізуді цифрландырудың озық тәжірибесіне негізделген және инвесторларға қағаз істерге алаңдамауына мүмкіндік береді.

АХҚО Chief Digital Officer Әсел Жанасованың (Жиенбаева) айтуынша, АХҚО-да «нөлдік бюрократия» тұжырымынан бөлек, Арбитраж орталығы, Сот, қаржы реттеуіші қызметтерін цифрландыру бойынша жобалар жүзеге асып жатыр.

Сондай-ақ, ол АХҚО-ның жасанды интеллекттен келетін  қауіп-қатерлерді болжай алатындығын атап өтті.

АХҚО-да компанияда сатып алу процесін толықтай автоматтандыратын SAP Ariba жүйесін енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл - барлық сатып алуларды бір форматқа келтіріп қана қоймай, адами ресурстарды, қызметкерлердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар