Ахмет Байтұрсынұлы түсірген фотосуреттер жарық көрді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жарық көрген «Қазақ фотошежірешілері: тарих, дерек, өнер» фото энциклопедиясының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

Жинақта қоғам санасын фото арқылы эстетикалық талаптарға, мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұратқа жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығы жан-жақты баяндалған. Онда Ахмет Байтұрсынұлы түсірген фотосуреттерден бастап, есімі елге танымал авторлардың соңғы жарты ғасырда таспалаған атақты туындылары еніп отыр. 

null 

«Бүгінгідей Тәуелсіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік және рухани өміріндегі даталы күндер мен қиын сәттердің, оқиғалардың барлығы да болашақ үшін көркемсуретті тарихқа айналатыны сөзсіз. Демек, сол оқиғаларды таспаға түсірген фототілшілерді, яғни кәсіби фотосуреткерлерді тарихты да таспаға түсірушілер деуге толық негіз бар», - дейді   кітапты құрастырған «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы. 

null   

Оның айтуынша, көпшілік фотосуретті көрсе де оны кім түсіргенін білуге тырыспайды. 

null 

«Себебі кәсіби мамандардың еңбектерімен танысу арқылы ел тарихынан да хабардар болуға болатынын біле бермейміз. Мәселен, Қасымбек Нұрбекұлы, Советбек Мағзұмов, Берсінбек Сәрсенов, Талғатбек Асанов, Шүкір Шахай, Болат Омаралиев, Сайлау Майлыбаев, Амангелді Мутигуллин және Мұхтар Холдорбеков секілді жалпы саны 21 майталман фотографтардың осы жинаққа енген шығармаларынан ел мен жерді шексіз сүюдің үлгісін көруге болады», - деді ол.

null  

Жинақтың алғысөзін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов жазса, жауапты редакторы аталған университеттің журналистика факультетінің деканы - Сағатбек Медеубекұлы.

null  

«Қазақ университеті» баспа үйінде басылып шыққан жинақ журналистика факультеттерінің студенттері мен қалық көпшілікке арналған.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар