Аида Әбікеева әлем чемпионаты финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Аида Әбікеева (65 келі) финалға жолдама алды.
Отандасымыз жартылай финалда ирландиялық Мэрри Уолшпен шаршы алаңға шықты.
Жекпе-жек барысында Аиданың белсенділігі байқалып тұрды. Бірінші раундта оның жеңісіне үш төреші қолдау білдірсе, қалған екеуі қарсыласының басымдығын көрсетті. Екінші және үшінші раундта да ол сауатты ойын көрсетті. Нәтижесінде Аида әлем чемпионаты финалына жолдама алды.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Ал 13 қыркүйекте Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Бүгін ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) жартылай финалға шықты, Виктория Графеева (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.