AIF: CryptoCity аймағы Алатау қаласында құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Астана халықаралық форумында Президент Қасым-Жомарт айтқан бастаманың қалай іске асатынын түсіндірді.

биткоин
Фото: pixabay

— ⁠Әрине, CryptoCity-ге ең лайық локация — жаңадан бой көтеріп келе жатқан Алатау қаласы. Бұл — Президентіміздің жобасы. Мұндағы идея — криптовалюта қаражат сияқты мейрамханаларда, дәмханаларда төлем жасап, жылжымайтын мүлік сатып алатын, инвестиция ретінде салатын құрал болуы керек. Бұл блокчейн индустрия үшін жаңа серпін болар еді, — деді министр Астана халықаралық форумының кулуарында. 

Сондай-ақ, ол жоба аясында бағдарламалаушылар, AI-мамандар тартылып, оның әсері экономикалық өсімге серпін беретінін айтты.

— Қазір әуелі құқықтық-нормативтік актпен жұмыс істеу керек. Алатау қаласы қазір онсыз да жақсы дамып келеді. Бізге енді реттеу тетіктерін жолға қою керек. CryptoCity пилоттық аймағында еркін криптовалюта айналымы болады, крипто төлем құралына айналады. Осының бәрін заңмен бектіп алу керек, — деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар