Биыл жазда Ларнакаға маусымдық әуе рейстері ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Маусым мен қыркүйек аралығында Астана мен Алматыдан Кипрдің оңтүстік жағалауындағы Ларнака қаласына тұрақты әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Air Astana 2026 жылдың жазында Ларнакаға тұрақты рейстерді іске қосады
Фото: Kazinform

Астанадан 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері, таңертеңгі және күндізгі уақытта қатынайды, ал Ларнакадан қайту рейстері күндіз орындалады. Ұшу ұзақтығы сол жаққа – 5 сағат 40 мин, қайтарда – 5 сағат 5 мин.

Алматыдан 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Алматыдан ұшу – таңертең, Ларнакадан оралу – күндіз. Ұшу ұзақтығы сол жаққа – 6 сағат 5 мин, қайтарда – 5 сағат 30 мин.

Air Astana әуе компаниясы 2026 жылдың жазғы кестесінде Кипрге тікелей маусымдық рейстерге билеттерді сатуды бастады. Барлық рейс Airbus A321LR заманауи ұшақтарымен орындалады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа ұшақтармен қамтамасыз етуде қандай проблема бар екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар