Air Astana бағалы қағаздарын неліктен кері сатып алып жатқанын түсіндірді

эйр астана
Фото: Air Astana

АСТАНА. KAZINFORM - Air Astana бағалы қағаздарын кері сатып алуға қатысты түсінік берді. 

Air Astana өз қызметкерлеріне сыйақы беру үшін компанияның акцияларын және ҒДҚ-ны кері сатып алу бағдарламасын бастады.

Тиісті релиз 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланды.

Бағдарламаның бiрiншi бөлiгi шеңберiнде қоғам жалпы сомасы 12 миллион АҚШ долларынан аспайтын (iлеспе шығынды қоса алғанда) 4 786 800 акцияға (акциялар және ҒДҚ түрінде) дейiн сатып алуға ниетті.

Бұл — қазiргi уақытта компанияның орналастырылған акцияларының (құқықтары ҒДҚ-мен куәландырылған акцияларды қоса алғанда) жалпы санының шамамен 1,3%-ын қамтиды.

Бағдарламаның бірінші бөлігі 2024 жылғы 30 сәуірде басталып, 2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірілмей аяқталады.

«Сатып алу тиiстi биржалардың ережесiне сәйкес және бағалы қағаздар нарығында терiс пайдалануды болдырмау туралы қолданылатын заңнаманың талаптарын сақтай отырып, басым нарықтық баға бойынша жүзеге асады. Реттеуші талаптарға сәйкес болу мақсатында компания бағдарламаны іске асыру шеңберінде күн сайын жасалған мәмілелер туралы біріктірілген ақпаратты жариялай отырып, бағдарламаның орындалу барысы туралы нарықты апта сайынғы негізде хабардар етеді» дейді компаниядан.

Еске сала кетейік, биыл Air Astana акцияларын IPO-ға шығарған болатын. Лондон қор биржасында (LSE), Astana International Exchange (AIX) биржасында, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) шартсыз сауда-саттық басталды. 

Компания алғашқы IPO сатылымнан 370 млн доллар табыс тапты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram