Қор биржаларында Air Astana бағалы қағаздары саудалана бастады

қор биржасы
Фото: Air Astana

АСТАНА. KAZINFORM - Лондон қор биржасында (LSE) ЖДҚ-мен, Astana International Exchange (AIX) биржасында ЖДҚ және акциялармен, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен шартсыз сауда-саттық басталды. 

Сауда-саттықтың ашылу салтанатына әуекомпаниялар тобының президенті Питер Фостер, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, биржалардың басшылары, сондай-ақ бизнес және инвестициялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Бұл Air Astana тарихындағы маңызды оқиға, өйткені біз ресми түрде жария компанияға айналдық. Жиырма екі жыл бұрынғы алғашқы рейсімізден бері біз ұзақ жолдан өттік, және мен жаңа акционерлерімізді қуана қарсы аламын. Біз Орталық Азиядағы ең ірі әуекомпаниясы болу және аймақтағы миллиондаған азаматтарға аспан ашу үшін өсу тарихымыздың келесі кезеңіне аяқ басып жатырмыз», - деп атап өтті Питер Фостер.

Жария мәртебеге ие болу Air Astana дамуындағы маңызды кезеңнің басталуын білдіреді және топтың жергілікті және халықаралық деңгейде өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Соңғы жаңалықтар