Air Astana-ның құнды қағаздары LSE және AIX-та сатылымға шықты

эйр астана
Фото: Air Astana

АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana әуе компаниясының LSE және AIX алаңында бағалы қағаздарына ашық сауда басталды.

«IPO-ға шығу шеңберінде Air Astana-ның бір акциясы үшін 1 073,83 теңге және ГДР үшін 9,5 долларды құрады. Қанағаттандырылған көлемнің жартысынан астамын қазақстандық инвесторлар құрады», - делінген хабарламада.

2001 жылы Air Astana әуе компаниясы құрылған кезде акционерлер 17 млн доллар инвестиция салды, одан кейін қосымша инвестициялар болған жоқ.

Өтінімдерді қабылдау жабылған кезде компанияның құны 847 миллион долларға бағаланды. Бұл компания құрылғалы шамамен 50 есе өсуді білдіреді.

Бұған дейін Air Astana акциялары 15 ақпаннан сатыла бастайтыны туралы хабарлаған едік.

Биыл қаңтарда Үкімет Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселесін талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар