Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM —  Air Astana компаниялар тобы 3 наурызды қоса алғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық рейсті тоқтатады.

самолет, рейс, аэропорт, Air Astana
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Шешім Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің Таяу Шығыс елдеріне ұшуға толық тыйым салу туралы нұсқамасына сәйкес қабылданды.

- Әуекомпания жағдайды мұқият қадағалауды жалғастыруда және кез келген өзгерістер туралы жолаушыларға ақпарат береді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Израиль бүгін Тегеранға «превентивтік соққы» жасады.

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан ұшып шыққан ұшақтар кері оралатыны белгілі болды.

Иран Израильге қарымта жауап ретінде бірнеше зымыран жіберді.

Ал Қазақстанның СІМ Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Президент Ирандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырма берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум