Air Astana қазақстандықтарды қайтару үшін Медина мен Джеддаға рейс орындауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді уақытша тоқтатып, репатриациялық ұшуларды жоспарлап отыр.
— Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Джеддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді орындауды 6 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, ал билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанға) сатылмайды, — делінген Air Astana хабарламасында.
Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият қадағалауды жалғастыруда және жолаушыларды алдағы өзгерістер туралы жедел хабардар етеді.
Айта кетелік қазақстандық авиакомпаниялар Таяу Шығыстан 2 наурызға 13 рейс жоспарлағаны туралы жазған едік.