Air India Boeing жанармай жүйесінен ешқандай ақау таппады
АСТАНА.KAZINFORM – Air India компаниясы Boeing 787-8 ұшақтарындағы жанармай жүйесі механизмін тексеруді аяқтады және олардан ешқандай ақау таппады, деп хабарлайды NDTV.

Үндістанның Азаматтық авиация бас дирекциясы (DGCA) дүйсенбі күні 21 шілдеге дейін кейбір Boeing ұшақтарының жанармай бақылау қосқыштарын тексеруге нұсқау бергеннен кейін толықтай тексеріс жүргізілді.
Әуе апаттарын тергеу бюросының (AIIB) есебіне сәйкес, Ахмедабадтағы Boeing 787-8 Dreamliner апатқа ұшырауы кезінде жанармай жүйесі қосқыштары ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай төмен биіктікте 1 секундтық интервалмен бірінен соң бірі «сөндіру» күйіне ауысқан.
– Демалыс күндері біздің инженерлік топ барлық Boeing 787 ұшағындағы жанармай селекторының құлпын профилактикалық тексеруді бастады. Тексеру аяқталды және ешқандай мәселе анықталған жоқ, - деді Air India өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін бортында 240 адамы бар Air India ұшағы апатқа ұшыраған еді.