09:33, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Airbus әлемдегі ең жылдам тікұшақты патенттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Airbus компаниясы әлемдегі ең жылдам ұшатын тікұшаққа патент алды. Әуе кемесінде негізгі тікұшаққа тән ебелекке қосымша артқа қарай бағытталған екі пропеллер қарастырылды.

Қосымша пропеллерді 2 270 аттың күші бар Rolls Royce Turbomeca RTM322 қозғалтқышы айналдырады.
«Гиперкоптер» қазіргі кезде Airbus жасап жатқан Eurocopter X3 тікұшағы жобасының жалғасы болуы әбден ықтимал. Жарияланған құжаттарға сәйкес, жаңа тікұшақтың ұшу жылдамдығы сағатына шамамен 470 шақырым.
Қазіргі кезде әлемдегі ең жылдам тікұшақтар - Boeing CH-47 Chinook (сағатына 315 шақырымға дейін) және Ми-24 (сағатына 370 шақырым). Eurocopter X3 2013 жылы сағатына 487 шақырымға дейінгі жылдамдыққа жете алды.