Airbus Қазақстан үшін алғашқы A400M әскери ұшағын дайындап жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Airbus компаниясы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша алғашқы A400M әскери-көлік ұшағын жөнелтуге дайындап жатыр. 2021 жылы Қазақстан екі ұшаққа тапсырыс берген еді.

— Қазақстан Республикасына арналған бірінші A400M ұшағы бояу цехынан шықты, — делінген Airbus компаниясының ақпаратында.
Airbus A400M — ауыр жүк тасымалдайтын әскери-көлік ұшағы.
Ол әскери және азаматтық гуманитарлық миссия аясында әуе тасымалын жүзеге асыра алады, сондай-ақ төтенше жағдайларда жедел әрекет етуді ұйымдастыру үшін тиімді.
Airbus A400M ұшағын жеткізу шартында персоналды оқыту және техникалық қолдау көрсету бойынша қызметтер пакеті қамтылған.
Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдап, Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
⚠️ Wet paint 🎨
— Airbus Defence (@AirbusDefence) April 15, 2024
✅ The first #A400M for the Republic of Kazakhstan 🇰🇿 has rolled out of the @AirbusDefence paint shop.
✈️ MSN 139
📆 delivery in 2024
2️⃣ Kazakhstan has ordered two A400M pic.twitter.com/RnTr28ZRhK