16:04, 21 Қазан 2017 | GMT +5
Airbus ұшағы шұғыл Екатеринбургке қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сургуттан Мәскеуге ұшқан Airbus жолаушылар ұшағы аяқ астынан Екатеринбургке қонды, деп хабарлады диспетчерлік қызмет Интерфакс агенттігіне.

«Ұшақ Ханты-Мансийский аумағына келгенде экипаж ас дайындайтын орындағы апатты жағдай туралы хабарлады»,- деді ол.
Оның айтуынша, ұшақтағы пештің бұзылуынан қиындық туындаған. Алайда, өрт тұтанбаған. Зардап шеккен ешкім жоқ, жолаушылар резервтік бортқа отырғызылды.