АИТВ/ЖИТС бар науқастардың 90%-ы тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі

«АИТВ/ЖИТС бар науқастарға қатысты, сіздер білесіздер, бізде келісім жасалған. Біз ЮНИСЕФ-пен келісімшарт жасадық. Ол бойынша, «СК-Фармация» 3,5 миллион долларға дәрі-дәрмек сатып алды. Жыл сайын 5,5-7 мың науқасқа қаражат бөлініп келген болатын. 2017 жылы біз шамамен 13 мың науқасты қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл - АИТВ/ЖИТС бар науқастардың 85-90 пайызы. ЮНИСЕФ арқылы сатып алудың тиімділігі бар, себебі онда бағалар тіпті басқа», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, болашақта АИТВ/ЖИТС бар науқастар толығымен сапалы дәрілік құралдармен қамтамасыз етіледі. Н.Әлібаев өзінің баяндамасында, «СК-Фармация» тарапынан дәрілік қамтамасыз ету бағытында ешқандай мәселе жоқ екендігін атап өтті.
«СК-Фармация» компаниясының сайтында «Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары бойынша анықтама» бөлімі бар. Онда елдегі 1 107 медициналық мекемеде қандай дәрілік заттар барын тексеруге болады. Клиникаға келген әрбір пациент аталмыш дәрі-дәрмектерді талап ете алады.