Ақ Азиада: Қазақстандық қыздар конькимен жүгіруден қола медаль еншіледі

ХАРБИН. KAZINFORM – Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Женская сборная Казахстана по конькобежному спорту
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Әйелдер арасында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарыс жолына Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова шықты.

Қортындысында, Қазақстандық қыздар 1 минут 30.12 секунд нәтиже көрсетіп үшінші орыннан көрінді.

Ал оңтүстік Корея алтын медаь, Қытай құрамасы күміс жүлде еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін ел қоржынына алғашқы алтын медаль және бір күміс жүлде салған еді.

Сондай-ақ, Аяна Жолдас Ябули тау шаңғы курортында өткен әйелдер арасында фристайл акробатика сынында үшінші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар