«Ақ босаға - 2013» жас отбасылар байқауы

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында «Атамұра» мәдени орталығында «Ақ босаға - 2013» жас отбасылар байқауы өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Оған Сарықамыс, Ақкөл, Құлакөл, Зеленая роща, Қоянды, Қарасу, Өлеңті ауылдарынан келген 22 мен 35 жас аралығындағы отбасылық жұптар қатысып, күш сынасты. Олар сахналық қойылымдар көрсетіп, шығармашылық өнерлерін паш етті.

Бас жүлдені Ақкөл ауылының тұрғыны Әлиндер отбасы иемденсе, бірінші орын құркөлдік Тәшімовтардың қанжығасына байланды, екінші орын - Қояндыдан келген Қасымжановтарда. «Шебер отбасы» аталымы Зеленая роща тұрғыны Жұмағалиевтердің еншісінде кетті.

Соңғы жаңалықтар