Ақ теңіз бен Алтай арасындағы түркі бауырлардың басы қосылса ықпалды елге айналар еді - Елбасы

ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ақ теңіз бен Алтай арасындағы түркі бауырлардың басы қосылса ықпалды елге айналар еді. Бүгін Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Ақ теңіз бен Алтайдың арасында екі жүз миллионнан артық біздің қандастарымыз бар. Олардың басы қосылса, дүниежүзіндегі ең үлкен бір ықпалды ел болып, шығатын едік», деді Елбасы.

Осыдан кейін Түркия басшыларымен бірге «Жаңа синергия» деген бірлескен бағдарламаға қол қойғандығын атап өткен Елбасы: «Тәуелсіздіктің алғашқы жылында  Қытай елімен біздің саудамыз нөл болатын, бүгін 25 млрд. доллар. Ресеймен саудамыз 30 млрд. доллар, Еуропамен Қазақстанның саудасы 50 млрд. доллар. Ал Түркиямен  4 млрд. доллар. Бұл әрине біздің қарым-қатынасқа, жақындығымызға ешқандай сай келмейді», деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдарында түрік компаниялары Қазақстанның құрылыс саласына 20 млрд. доллар инвестиция салған. Ал тікелей салынған инветиция аз.

«Түркияның үлкен компаниялары Қазақстанға әлі келген жоқ. Мен бүгін олармен таңертең кездестім. Егерде технология, инвестиция, инновация жөнінен алдыңғы қатарлы жобалар болатын болса, Қазақстан сіздермен бірге өз ақшасын салады», деді ҚР Президенті.

 

Соңғы жаңалықтар