Ақ түтек боранда жолда қалған азаматты құтқарып қалған ауыл әкімі марапатталды

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұлов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды.

ауыл әкімі
Фото: Тимур Сапаров

Агенттік Төрағасы табиғат сынақтар тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.

Батырғали Иманқұлов биыл 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауында қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген. Мемлекеттік қызметшінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді.

«Агенттік төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар