Ақ үй АҚШ компанияларына Huawei өнімдерін экспорттауға лицензия беруді тоқтатты

ЛОНДОН. ТАСС – ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі қытайлық Huawei корпорациясы үшін америкалық компанияларға экспорттық лицензия беруді тоқтатты. Бұл туралы дүйсенбі күні кешке британдық Financial Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
None

Олардың пікірінше, мұндай қадам АҚШ билігін Huawei-ге америкалық технологияларды сатуға толық тыйым салуды енгізуге жақындатады. Басылым Байден әкімшілігінің Қытайдың технологиялық дамуын, оның ішінде жасанды интеллект пен гипер дыбыстық қару саласындағы дамуын бәсеңдетуге бағытталған одақтастармен бірлескен істі күшейту әрекеттері аясында осындай шара қабылдағанын атап өтті.

Соңғы жылдары Huawei Қытай компаниясына санкция салған АҚШ-тың қатты қысымына ұшырады. АҚШ Сауда министрлігі ұлттық қауіпсіздікке қатер төнгендіктен, 2019 жылдың 17 мамырынан бастап Huawei-ді қара тізімге енгізіп, компанияның Америка Құрама Штаттарынан жоғары технологиялық жабдықты сатып алу мүмкіндігін айтарлықтай шектеді. Ведомство кейіннен желілерге қызмет көрсету және компанияның мобильді құрылғылары үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуларын қамтамасыз ету лицензиясын шығарды, содан кейін оны бірнеше рет ұзартқан болатын.

Фото: AP Photo/ Ng Han Guan
Соңғы жаңалықтар