Ақ үй Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты аза тұту күнін жариялады
АСТАНА. KAZINFORM - Джо Байден АҚШ-тың бұрынғы 39-шы президенті Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты барлық жерлерде Америка туын 30 күн бойы жартылай түсіруді бұйырды.
Ақүй мәлімдемесінде бұрынғы президент Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты Джо Байден АҚШ-тың шет елдердегі өкілдіктерінде, соның ішінде барлық әскери бөлімшелерде, теңіз кемелерінде және базаларда 30 күн бойы Америка туын төмендету туралы бұйрық бергені айтылған.
Сондай-ақ, АҚШ президенті 2025 жылдың 9 қаңтарын бүкіл Америка Құрама Штаттарында ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
- Президент Картер мінезді, батылдығы мен жанашырлығы бар адам болды, оның қызметтегі өмірі оны біздің тарихымыздағы ең ықпалды мемлекет қайраткерлерінің біріне айналдырды. Дүние жүзіндегі бейбітшілік пен адам құқықтары үшін күресіп, моральдық тазалығы мен жігерлендіретін көзқарасы ұлтымызды шабыттандырып, әлемімізді өзгерткен асыл көшбасшы бола білді, - деп атап өтті Джо Байден мәлімдемесінде.
Джорджия тумасы демократ Дж. Картер 1976 жылы Уотергейт жанжалынан кейін республикашыл Джеральд Фордты жеңіп, АҚШ президенті болып сайланды. Дж. Картер 1908 жылы Рональд Рейганға жеңілгенге дейін
дейін бір президенттік мерзімде қызмет етті.
Президент болғаннан кейін Дж. Картер қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге көмектесу және демократияны, адам құқықтарын және әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету жөніндегі тынымсыз жұмысы үшін, ең алдымен 1982 жылы Атлантадағы университетінде құрылған Картер орталығы арқылы бүкіл әлемге танылды.
Дж. Картер 2002 жылы «халықаралық қақтығыстардың бейбіт шешімдерін іздеудегі ондаған жылдар бойғы тынымсыз күш-жігері үшін» және «адам құқықтарына деген адалдығы үшін» Нобель сыйлығымен марапатталды.
Осыған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің 100 жасында өмірден озғаны туралы жаздық.