Ақ үй Гарвард университетінің патентін алып қоймақ

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың сауда министрі Лютник Гарвард университетін америкалық салық төлеушілер алдындағы міндеті мен патент туралы заң талаптарын орындамай отыр деп айыптады. Оқу орны кемшілікті 5 қыркүйекке дейін жоюы керек, деп хабарлайды DW.

Наурыз гарвард
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

Дональд Трамптың әкімшілігі Гарвард университетіне жүздеген миллион доллар тұратын патентін алып қоятынын айтып, қорқытты. Бұған федералды зерттеу гранттары туралы заң талаптарының орындалмауы себеп болып отыр. Осы мағынада 8 тамыз күні жазылған және университет президентіне жолданған хатты АҚШ-тың сауда министрі Лютник сенбі күні X әлеуметтік желісінде жариялады.

Ведомство басшысының айтуынша, Гарвард тарапынан Бэя-Доуль заңын сақтау бойынша шұғыл және жан-жақты тексеру басталды. Университет 5 қыркүйекке дейін америкалық салық төлеушілер алдындағы міндетін орындауы керек. Олай болмаған жағдайда Гарвард университетінің патенті үшінші тұлғаларға беріліп, дайындау кезінде заң бұзылған әзірлемелер тәркіленеді.

Университетке қойылып отырған талаптардың ішінде ғылыми жаңалықтар туралы уақытында хабар беріп отыру, өндірісті АҚШ-та ашуға басымдық беру, университет өнімдерін барыншы қолданбалы ету үшін тиімді шаралар қабылдау бар.

Бұған қоса университет 5 қыркүйекке дейін федералды бюджеттен алынған барлық патенттердің тізімін және олардың қалай қолданылып жатқаны, қандай лицензиялық келісімдер бар, олар бойынша кіммен бірге жұмыс істеп жатқаны туралы ақпараттарды көрсету керек.

Оқу орнының өкілі Лютниктің талабын Гарвардқа, оның құқықтары мен бостандығына қарсы бағытталған деп атады. Ол сонымен қатар университеттің Бэя-Доуль заңдарын толық орындап, федералды бюджет есебінен дайындалған көптеген инновациялардың халыққа қолжетімді болуы және оны пайдалана алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап отырғанын айтты.

Осыған дейін Трамп әкімшілігінің Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар