Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп доғал кабинетте Владимир Зеленскиймен кездесу өткізіп жатыр.

Зеленскийді Трамптың өзі қарсы алды.
Тараптар шиеленісті аяқтау бойынша мәселелерді талқыламақ.
Ақ үйге сонымен қатар Зеленскиймен бірге украиналық делегация келді. Оның құрамында Зеленскийдің кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица, Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Маркарова мен Ермактың орынбасары Павел Палиса бар.
Бұған қоса АҚШ көшбасшысымен кездесуге Франция президенті Эмманюэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони және Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен келді.
Трамптың Еуропа көшбасшыларымен көпжақты кездесуі 19 тамыз Астана уақытымен сағат 00:00-ге жоспарланған.