Ақ үйдегі кездесу: Трамп қару-жарақ жеткізу туралы жауап берді
АСТАНА.KAZINFORM — Трамп америкалық қару-жарақ жеткізу туралы жауап берді. Бұл туралы BBS News хабарлады.

BBS-дің Украиналық қызметінің тілшісі Мирослава Пеца Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің кездесуінің басында «Президент мырза, егер бітім болмайтын болса, Украинаға тағы қару-жарақ жібересіз бе?» деп сұрады тілші.
— Иә, біз тағы да қару жібереміз. Бірақ, мен өте көп жіберуге тура келмейді деп үміттенемін, өйткені біз бұл жағдайды тез аяқтауға үміттенеміз. Көп қару жібермеуге үміттенеміз, біз соғысты тез аяқтауды көздейміз, сонда басқа істермен айналыса аламыз. Бірақ қолжеткізілген келісімдерді жоғары бағалаймыз, өйткені бізге сіздердегі кейбір нәрселер керек және қазір біздің елге әділетті түрде қарайды, — деп жалғастырды АҚШ президенті, пайдалы қазбалар туралы келісімді меңзеп.
Ол бұл соғыс мүлдем басталмауы тиіс екенін атап өтті.
— Байден бұлай істеген жоқ, бірақ ол не істесе де, соғыс бәрібір болмауы керек еді, бұл соғыс мүлдем басталмауы тиіс еді. Сіздің сұрағыңызға жауап «иә» болады, бірақ мен көп жіберуге тура келмейді деп сенемін, өйткені бәрін тез аяқтауға үміттенемін, — деп ойын түйіндеді Трамп.
Еске салсақ Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтіп жатыр.