Ақ үйдің сайтында БАҚ үшін «Ұят тақтасы» пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ Президенті туралы «жалған» таратты деп айыпталған медианың тізімін жасады, деп хабарлайды DW.

«Доска позора» для СМИ появилась на сайте Белого дома
Фото: DW

Ақ үйдің сайтында «біржақты және жаңылыстыратын ақпаратты әшкерелеу» бөлімі пайда болды. Онда «Аптаның медиа қылмыскері», «ұят тақтасы», «көшбасшылар тақтасы», «рецидивистер» сияқты айдарлар бар.

АҚШ пен Ұлыбританияның ең ірі ағылшын тілді телеарналары, ақпарат агенттіктері, порталдары мен газеттері әртүрлі санаттарға енгізілген: MSNBC, CBS News, ABC News, BBC, CNN, The Washington Post, The New York Times, The Wall Street Journal, Politico, Axios, Associated Press, The Hill, The Boston Globe, The Independent, Los Angeles Times, USA Today.

Бұған дейін Трамп сөзіне қатысты жанжалға байланысты BBC-ді 1 миллиард доллар талап етіп, қорқытқаны хабарланған болатын.

Британдық хабар тарату корпорациясының (BBC) бас директоры Тим Дэйви және BBC News жаңалықтар қызметінің басшысы Дебора Тернесс BBC Panorama бағдарламасында Дональд Трамптың сөзі бұрмаланып өңделгеннен кейін туған даудың салдарынан қызметінен кететінін жазған едік.

Британдық хабар тарату корпорациясы АҚШ президентінен кешірім сұрады, бірақ оның өтемақы төлеу туралы талабын қабылдамады.

Соңғы жаңалықтар