Ақ Жайық өнерпаздары Жетісу өңірінде өнер көрсетуде

9 сәуiр күнi Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттiк филормонияда Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Қатимолла Бердiғалиевтiң бастауымен «Шырқа, ән, күмбiрле, күй» атты Батыс Қазақстан облысы өнерпаздарының концертi болды.
Белгiлi әнші-термешi Дастан Есентемiровтің орындауындағы «Сартайдың термесiмен» ашылған бұл кеш әдемi әнге, күмбiрлi күйге ұласты. Кеште белгiлi әншi, термешi Қатимолла Бердiғалиев Мұхит, Ғарифолла әндерiн әуелеттi. Сондай-ақ республикалық «Жас қанат» байқауының күмiс жүлдегерi, әншi Жаңылсын Хасанова және Күләш Қуанышқалиева, Элмира Таудаева, Ернар Өмiрәлi, Серiк Әбдiрахманов, Еркін Өтегенов сынды әншi, термешiлер де кеш көрiгiн қыздыра түстi. Ал Қазақстанның еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi, танымал домбырашы Ермек Қазиев пен домбырашы Ақылбек Бектасов батыстың төкпе күйiнен шашу шашты.
Батысқазақстандықтардың Жетісу өңіріндегі өнер керуені екі аптаға созылмақ. Ақ Жайық өнерпаздары енді Талдықорған қаласында және Алматы облысының екі-үш ауданында концерт қояды. 26 сәуірде Құрманғазы атындағы ұлттық консорватория залында Қатимолла Бердiғалиев «Айман-Шолпанды» жырламақ. Бұдан бөлек «Қазақстан» ұлттық арнасы батысқазақстандық бір топ жас өнерпаздың орындауындағы шығармаларды қазақ өнерінің «Алтын қорына» жазып алмақ.