Ақ Жайық жұртшылығы күйші-композитор Т.Шәмеловті соңғы сапарға шығарып салды

ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - 3 қазан күні А.Островский атындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында Қазақстан халық әртісі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, күйші, композитор Тұяқберді Шәмеловпен қоштасу рәсімі болды.
None
None

Театр алдында өткен қаралы жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев:

-Тұяқберді Шәмелов төрт жасынан домбыраны өзінің өмірлік серігі етіп таңдап, табиғатынан берілген таланты арқылы күй орындауда асқан шеберлік танытты. Ол атақты Құрманғазы, Мәмен, Қали Жантілеуовтің күйшілік дәстүрін жалғастырды. Өз өңірінде мәдениеттің дамуына зор үлес қосты, батысқазақстандық университет пен колледжде дәріс беріп, көптеген шәкірттеріне үлкен өнердің жолын ашты. Оның жарқын бейнесі батысқазақстандықтар жүрегінде әрдайым сақталады.

Қаралы жиында Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің директоры Еркебұлан Мүсірепов те сөз сөйледі. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Астана қаласынының әкімі Иманғали Тасмағамбетов және еліміздің көптеген шығармашылық ұжымдары қайғы-қасіретке ортақ жеделхаттарын жолдаған.

Жаңақала ауданының жұртшылығы да жерлес күйші-композитормен күңірене қоштасты. Тұяқберді Шәмелов өзінің өсиетіне сәйкес Жаңақала ауданында, күйші Мәмен кесенесінің қасында жерленді.

Соңғы жаңалықтар