15:16, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арасында шахматтан сайыс өткізді - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Өскеменде «Ақ жол» ҚДП филиалының ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің арасында шахматтан сайыс өтті.

Бұл шара Жеңістің 67 жылдығына арналып ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығынан.
Сайысқа Ұлы Отан соғысының 14 ардагері, өңірлік партия бөлімшесінің төрағасы Талғат Құрманғалиев, «Ақ жол» ҚДП-дан қалалық мәслихаттың депутаты Қуат Рахымбердин қатысты.
Жалпы алғанда шахматтан өткен бәсекеге 30-дан астам адам қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша ардагерлерге ақшалай сыйлықтар беріліп, мерекелік дастархан жайылды.