«Ақ жол» партиясының мүшелері мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM — «Ақ жол» партиясының мүшелері мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Дания Еспаева
Фото: «Ақ жол» партиясы

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Құрылтайы төрағасының орынбасары Дәния Еспаева, партия атынан сайланған Құрылтай депутаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері мен партия жақтастары еліміздің барлық өңірінде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Азат Перуашев
Фото: «Ақ жол» партиясы

Алғашқылардың бірі болып Батыс Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарындағы партия мүшелері дауыс берді. Одан кейін сайлауға басқа өңірлік филиалдардың өкілдері де қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін Вице-Президент Ерлан Қарин мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергенін жазғанбыз. Бұл туралы Ақорда хабарлаған еді.

Члены партии «Ақ жол» проголосовали на выборах депутатов маслихатов
Фото: «Ақ жол» партиясы

Вице-Президент Ерлан Қарин Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында орналасқан №503 сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.