«Ақ жол» партиясының сайлауалды тұғырнамасы қабылданды

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің отырысы болып өтті. Онда партияның сайлауалды тұғырнамасы қабылданды.

Кеңесте Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медальдарымен марапатталған «ақжолдықтарға» құрмет көрсетілді. Олар - А.Айталы, «Ақ жол» партиясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы; С.Байдалы, «Ақ жол» партиясы Орталық аппараты идеология бөлімінің жетекшісі; Ш.Жарасова, «Меланж» АҚ президенті, «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің мүшесі; Л.Жуланова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары; Иса Қазбек, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; М.Пәттеев, «Ақ жол» партиясы Түркістан қалалық бөлімшесінің төрағасы; Ә.Сұлтанов, «Ақ жол» партиясы Орталық аппаратының жетекшісі. «Қазақстан аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалы елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түсті. Әрине, барлық проблемалар шешімін тапты деп айтуға болмас. Соның ішінде, ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отандастардың мәселесі және т.б. бар. Алайда, бұл дүниеде барлық проблеманы 100 пайыз шешіп берген мемлекет жоқ екенін де мойындауымыз қажет», - деді «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашев. Сонымен қатар, кеңесте «Ақ жол» партиясының Сайлауалды Тұғырнамасы бекітілді. Орталық Кеңес құрамы өзгертілді. Кеңесте партияның сайлауалды ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram