«Академик Асқар Қонаев» деп аталатын естеліктер жинағы жарық көрді

АТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда  Қазақстан мен Ресейдің  ғылым академияларының академигі, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асқар Қонаев туралы естеліктер жинағының тұсаукесері өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Академик Асқар Қонаев»  деп аталатын бұл кітап Халықаралық Д.А. Қонаев қорының қолдауымен Алматыдағы «Жібек жолы»   баспасында жарық көріп отыр. Бірінші бөлімге Асқар Меңдіахметұлының еңбек жолы, ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі туралы мақалалалар топтастырылған.  Оның авторлары -  С. Қожахметов, А. Шойынбаев, Ю. Сухарников пен С. Намазбеков. Ал екінші бөлімге М. Жұрынов, Е. Гвоздев, М. Қозыбаев, Е. Пономарева, Н. Нәдіров, З. Қожабеков, Б. Левинтов, Н. Лякишев, Л. Ни, А. Омаров, Э. Түркебаев, Р. Қонаева мен С. Оздаевтың естеліктері жинақталған.

 Жалпы Асқар Меңдіахметұлы Қонаев көзі тірі болғанда, бүгін 70 жасқа толар еді. Биыл оның дүниеден озғанына 10 жыл болады. Әйгілі ғалым көзі тірісінде ғылыми зерттеу жұмысы үшін  Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар