Академик Оразалы Сәбденнің таңдамалы 21 томдық «Экономика» жинағы шықты

МАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 22 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
None
None

Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, экономика ғылымының докторы, академик Оразалы Сәбденнің 21 томдық «Экономика» таңдамалы жинағының таныстырылымы болады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтының директоры бұл шараны Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырып отыр. Жинаққа ғалымның әр жылдары жарық көрген іргелі монографиялары, оқулықтары, мақалалары мен Елбасына, Қазақстан Үкіметіне және Парламентіне жазылған хаттары топтастырылған. Автордың айтуынша, болашақтағы экономиканың негізін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдерді қолдану, инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілікті көтеру, өндірісті жаңарту және әртараптандыру бірінші рет «Экономика» атты бұл көптомдықта жан-жақты ашылып отыр.

Соңғы жаңалықтар