12:59, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Академиктер «Оскар» бойынша дауыс беру ережелерін өзгертті
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Енді «Оскар» сыйлығы жаңа ережелер бойынша табыс етіледі. Америкалық киноөнері академиясы жүлдеге үміткер туындыларға дауыс беру ережелері түбегейлі өзгертілгенін жариялады.

«Оскар» тарихында тұңғыш рет академия мүшелері 24 санат бойынша дауыс беруге құқылы болады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Бұған дейін лауреаттар гильдия жүйесі арқылы іріктеліп, актерлық аталымдарға - әртістер, операторлыққа - операторлар және т.б. дауыс беретін еді.
Алтын мүсіншелерді табыстаудың кезекті 86-шы шарасы 2014 жылдың 2 наурызында өтеді деп күтілуде.