Ақалықта АН-2 ұшағымен жүрек талмасы бар науқасты тасымалдаған ұшқыштарға сот үкімі шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Арқалық қалалық соты жүрек талмасы бар науқасты АН-2 ұшағымен тасымалдаған ұшқыштарға қатысты үкім шығарды.

Ан-2
Фото: Наталья Зинченко/Kazinform

Оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған. Ұшу кезінде АН-2 ұшағы төңкеріліп кеткен. Бортта екі ұшқыш, дәрігер, фельдшер және науқас болған. Сәтсіз маневр нәтижесінде ұшқыштардың бірі жеңіл жарақат алды.

Комиссияның қорытындысы ұшақтың көтерілу кезінде негізгі шасси дөңгелектерінің еріген су бетіне тиіп кетуі нәтижесінде аударылғанын көрсетті. Экипаж командирі өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде сот 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде айыппұл салды, бірақ ұшқыштың материалдық жағдайын ескере отырып, бұл соманы азайтты.

Сонымен қатар, оған келесі алты айда ұшақта ұшуға тыйым салынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Екінші ұшқышқа қатысты іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, ұшақпен болған оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған: әуеге көтерілгеннен кейін ұшақ (биіктігі күрт төмендеп) еріген суға аударылып кеткен.

Соңғы жаңалықтар