Ақан Сатаев жаңа фильмінің тұсауын кесті

«Біз картинаның тақырыбын ұзақ іздедік. Екі айдан кейін жастар драмасын түсіретінімізді шештік. Көптеген талантты жас әріптестерімізді жұмылдырғымыз келді, бірақ оны іске асыра алмадық. Дегенмен, олармен келешекте жұмыс істейтін боламыз деген ойдамын. Өйткені келесі жылға көптеген фильмдер жоспарлануда. «Ана» фильмі өндіріс үстінде, дайындық кезеңінде бір комедия тұр», деп бөлісті жоспарларымен баспасөз-мәслихатында Ақан Сатаев.
Картина 1980-інші жылдардың аяқ кезеңін қамтиды және онда Алматының сол кездегі өмірі баяндалған. Фильм жаңа мектепке келіп, жаңа достарды тапқан, онымен бір мезгілде иерархиямен және өзге де «балаларға тән емес» қиындықтармен бетпе-бет кездескен Арсен есімді бала туралы түсірілген. Онда Әсел Сағатова, Гүлнәр Досматова, Жандос Айбасов секілді белгілі актерлармен қатар, бірқатар дебютанттар да түскен. Олардың арасында Ақан Сатаевтың қызы - Мәриям да бар.
Айта кетейік, Ақан Сатаев «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек мың бала», «Ликвидатор, «Анаға апарар жол», «Ағайындылар» сериалының режиссері болып табылады.