09:27, 03 Маусым 2009 | GMT +5
«АқБас» кәсіпорны Кеңащы ауылының адамдарын жұмыспен қамтыды ?Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданындағы «Кеңащы» ауылының тұрғындарын «АқБас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыспен қамтамасыз етіп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Серіктестік жетекшісі Ғалым Рақымовтың айтуынша, бүгінде мал шаруашылығында - 46, егіншілікте - 7, әлеуметтік қызмет жүйесінде 10 адам жұмысқа тартылған. Ал олардың орташа айлық табыстары 30-50 мың теңгеден айналып отыр. Серіктестік биыл 8 мың гектар алқапқа дәнді дақыл сеуіп, 140 жылқыны, 5 ірі қараны күтімге алып отыр. Жыл басынан бері Щучье қаласындағы өңдеу кәсіпорнына орташа салмағы 450 киләдан екі жарым мың бас мал жөнелткен. Алдағы уақытта мал басы он мыңға жеткізілетін болады. Мұның өзі қосымша жұмыс орны, үстеме табыс. «Біз өз қаржымыздың есебінен ауылдың 15 азаматына кәсіби білім алуға мүмкіндік жасап, соңынан оларды жұмысқа қабылдадық. Бұл үрдіс ұдайы жалғастырылатын болады», - дейді серіктестік басшысы.