12:30, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ақбиік ауылына табиғи газ тартылды - Оңтүстік Қазақстан
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Ақбиік ауылына табиғи газ тартылды,

деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Бұл игі іс «Жол картасы» бағдардамасының арқасында мүмкін болып отыр. Бағдарлама бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 170 миллион теңге бөлініп, жазда қызу жұмыс басталды. Ұзындығы 44 шақырымды құрайтын негізгі құбыр Ақбиік ауылына аудан орталығынан - Т.Рысқұлов атындағы селодан тартылды.
Қазір ішкі желінің бәрі дерлік дайын. Мектепке және 30 тұрғын үйге газ берілді. Жұмыстар аяқталып келеді және мердігерлер жақын арада табиғи газ желісіне қалған 300 ауланы қосуға уәде беріп отыр.