«Ақбота» саябағын және Ақтаудағы теңіз жағалауын аббаттандыруға биыл 200 млн. теңге бағытталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақбота» саябағын және Ақтаудың теңіз жағалауындағы 1-шіден 4-шіге дейінгі шағын аудандарды және 15-ші шағын ауданды аббаттандыру үшін 200 млн. теңге бағытталады. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова мәлім етті. Қаржы өңірлік бюджеттен бөлінеді, деп жазады Лада.kz.
None
None

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Баянды ауылында қатты-тұрмыстық қалдықтарды көметін полигон құрылысына 2016 жылы 120 миллион теңге жұмсалмақ. Ақтаудың 31Б шағын ауданында құны 942 миллионнан астам теңге тұратын салық департаментінің ғимараты салынады. Облыс орталығында ішкі істер органдары үшін құны 100 милллион теңге тұратын спорт кешенінің құрылысы жүргізіледі.

- №2 Кәріздік-тазарту желісінің құрылысына 978 миллион теңге, Жаңаөзен қаласындағы қолданыстағы кәріздік желілерді қалпына келтіру және жаңғыртуға - 13 миллионнан астам теңге жұмсалады. Сондай-ақ 2016 жылы Ақтаудағы Шығыс-1,2,3 кәріздік желілерінің құрылысы жоспарланып отыр, - деп атап өтті Шолпан Илмұханбетова.

Соңғы жаңалықтар