17:47, 21 Шілде 2014 | GMT +5
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауылдар ауызсу таситын көліктер алды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шиелі ауданы жұртшылығын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жиделі топтық су құбырына қосылғанымен, кейбір елді мекендерге ауыз су жетіспеушілігін болдырмау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде ауыл тұрғындарын таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 24 млн. 074 мың теңгеге ШЖҚ «Шиелі су құбырлары» аудандық КМК теңгеріміне 4 дана азықтық сұйықтық тасымалдайтын «Газ 3309» автокөліктері берілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов Сұлутөбе ауылының әкімі Б.Байділдаев пен Бала би ауылының әкімі Т.Нұрымбетовке, Досбол би ауылының әкімі Т.Кейқуатов пен Ә.Тәжібаев ауылының әкімі С.Әшір және Алғабас ауылының әкімі Ә.Бекайдаровқа осы автокөліктердің кілттері мен нөмерлерін және құжаттарын салтанатты түрде табыс етті, делінген хабарламада.