11:04, 17 Шілде 2017 | GMT +5
Әкесі бес жасар баласымен бірге суға батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Тергеу комитеті Тергеу басқармасының Долинск қаласы бойынша тергеу бөлімшесі Сахалинск облысында көлге батып кеткен ер адам мен оның баласының қазасына қатысты тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстарын бастады, деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Долинск ауданы Стародубовский ауылында болған қайғылы оқиға шұғыл хабар тергеушілерге сенбі күні сағат екіде келіп түскен. Олар дереу оқиға орнына жетті.
Белгілі болғандай, Оңтүстік Сахалинскіден келген екі отбасы көл жағасында демалып жатқан. Үрленген шеңбермен жүзіп жүрген бес жастағы баланы жағадағы әкесі бақылап отырды. Судың ортасына таяу келгенде шеңбер айналып, бала суға бата бастаған. Баласын құтқаруға ұмтылған әке де суға батып кетті.
Ажал құшқан бала мен әкесінің денелерін судан ТЖ министрлігінің қызметкерлері алып шықты.